Мой сайт
Сенбі, 21.07.2018, 05:16
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Категории каталога
Мои статьи [17]

Главная » Статьи » Мои статьи

Шәкәрім тағылымы

Шәкәрім тағылымы

 
Ш.Құдайбердіұлы кітабынан:

Пілдің бар жақсы көретұғын жемісін жүретұғын соқпаққа шұбатып шашып, оны тереңдеп барып тұйық жар қылып қойса, піл жемісті тере-тере тұйыққа қамалады. Сонда артын бекітіп қойып біреу ұрған болып, біреу арашалап алып әлгі жемісті беріп, үйір қылып алып көп жүк артып һәм ойнатып жетелеп жүреді.

Маймыл адам не қылса, соны қылуға құмар. Оны біліп тұрушылар маймылға көрсетіп торға орап, шырмап тұрып торды тастай кетсе маймыл да келіп оралып жатқанда келіп ұстап алып үйретіп неше түрлі ойын қылғызады. Қалаға барғаныңыз екеуін де ойнатып жүргенін көрген де шығарсыз. Енді бұл екеуі бір нәпсісі үшін, тамақ үшін құл болды. Бірі не көрсе соған құмар боламын деп құл болды. Шайтан да бізді сөйтіп алдап дәндетіп үйір қылады. Күні бұрын сонан сақтану керек. Піл көтінен кейін шегінуді білмегеннен ұсталды. Біз шегіне білеміз ғой. Шегініп қаралық. Маймыл құмарлығын қоя алмады, ұсталды. Бізде сабыр бар ғой, Аллаһқа сыйынып алдатпай ғадет (әдет) қылған күнәні қалдырып көрелік.

 

Категория: Мои статьи | Добавил: qazpsi (04.12.2008)
Просмотров: 1705 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz