Мой сайт
Дүйсенбі, 21.05.2018, 21:48
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Категории каталога
Мои статьи [17]

Главная » Статьи » Мои статьи

«Сенім – менің серігім» атты психологиялық тренинг

«Сенім – менің серігім» атты психологиялық тренинг

       Мақсаты :11 – сынып оқушыларын ҰБТ – ға  байланысты сенімділікке үйрету , стресстік қалыптан арылу , бір – біріне деген қарым – қатынасын нығайту .

      Қажетті құрал – жабдықтар : ақ парақ , қаламсап интерактивті тақта , «Тілек ағашы» тақырыбындағы үлкен ағаш суреті салынған плакат , жапсырма қағаздар , үнтаспа .

1.      «Досым, қалың қалай?» жаттығуы .

Жаттығудың мақсаты . оқушылардың көңіл – күйін көтеру , бір – бірімен қарым – қатынасын нығайту .

Шарты : балалар дөңгелене тұрып , жұп – жұп болып , бір – біріне қарап жазылған сөйлемді аяқтайды . Яғни , сұрақты өз ойларымен толықтырады және екіншісі жауап береді .

2.      «Сенімділік» жаттығуы .

Мақсаты : оқушыны стресстік жағдайдан арылтып , сенімділікке үйрету .

Шарты :оқушыларға бос парақ таратылады . Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады . Ол бөліктерді 1 , 2 деп белгілеп , бірінші бөлікке жағымды қасиеттерді , ал екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерді жазу керек те , ортасы қырқылып алынады . Жағымды қасиеттерін өзіне қалдырып , жағымсыздарын қатты мыжып , қоқыс жәшәгәне салады .

3.      «Биіктік»  жаттығуы .

Мақсаты : оқушының өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру , сенімділігін нығайту .

Жаттығу барысы : қатысушылардың біреуі шығады . Оған мынадай нұсқау беріледі : «Қабырғаға жақын тұр , сосын секір . Қай жерге дейін секіргенін бергілеу» .

Талдау . бірінші және екінші белгі салыстырылады . Қатысушылар мынадай сұрақтарға жауап беру керек .:

-          Белгі  қойылған биіктердің айырмашылығы болды ма ?

-          Бұл айырмашылыққа не әсер етеді ?

-          Қойылған талап пен мақсат нәтижесі жақсарады ма , әлде нашарладыма ?

-          Қалай ойлайсыңдар , өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме ?

Қорытынды : Оқушылар өтілген жаттығулардан , түсіндірме жұмыстардан алған әсерін және достарына арнаған тілектерін жазып , «Тілек ағашына» апарып жапсырады .  

 

 Құдайбергенова М.Қ.

 

Оқушыны психологикалықпедагогикалық зерттеудің ұстанымдары мен әдістері

 

 

Эксперимент кезінде   оқушы  жан – жақты тексеру жүргізіледі . Ондағы мақсат – оқу – тәрбие процесінде  оқушымен жеке қатынас жасау жолдарын анықтау .

    Оқушының жеке ерешеліктері жөнінде мәліметтер жинау оның өсу жолында өзін – өзі тәрбиелеуіне игі ықпал етеді . Оқушының жаңа материалды қабылдау мен игеру ерекшелігі мұғалім қолданған әдіс – тәсілдердің нәтижесін көрсетеді . Ол оқытудың сапасын арттыруға , тәжірбиесін сараптауға игі ықпал етеді .

Сондықтан оқушының іс – әрекетіне белгілі бір уақыт көлемінде үздіксіз бақылау жасау ең алдымен , ғылыми ұстанымдарға сүйенуді қажет етеді . Олардың ішінде маңызды – іс әрекеттегі психиканы ұстанымы . Өйткені жеке тұлға өз өміріндегі негізгі іс – әрекеттер түрімен қалыптасады . Мектеп оқушысы үшін бұл іс – әрекеттер : ойын , оқу , еңбек және т.б. болып саналады .

Ұстанымдар нақты әдістер мен тәсілдер арқылы орындалады . Оларзерттеу және анықтау әдістері болып бөлінеді .

Зерттеу әдістері ғылыми мәселелерді шешуге арналған , ал анықтау – жеке тұлғаны , ұжымды , белгілі бір топты практикалық мақсатта тексеретін диагностикалық әдіс . Мұндай жағдайда ғылымда белгілі теориялар мен түсініктер қолданылады .

Әдістер бақылау мен эксперименттен тұрады және олар табиғи және зертханалық болып бөлінед . Мектеп жағдайына ыңғайлы эксперимент – бақылау , әңгімелесу , оқушының іс – әрекет өнімдері , сауалнама жүргізу . Бұл әдістер тәжірбиеде кеңінен қолданылып , нақты нәтижесін көрсетіп жүр 

 

 Құдайбергенова М.Қ.

 

 

 http://sc0021.kokshetau.akmoedu.kz/

Категория: Мои статьи | Добавил: qazpsi (10.11.2013)
Просмотров: 16546 | Рейтинг: 4.7/3 |
Всего комментариев: 0
Форма входа

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz