АСТАНА-2007 жылы жарық көрген. Құрастырған авторлар: М.В. Коляева, Ф. Ә. Бизақова, Г. Н. Канищева, Л. Г Куликова.
Берілген әдістемелік құрал «БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫН ДАМЫТУ МЕКТЕБІ» және «АТА-АНАЛАР МЕКТЕБІ» жобалары негізінде, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі қолдауымен, тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық институты және Қазақ Психологтар Қауымдастығы бірлесе даярланған жұмыс. Жұмыста отбасы және баланың жас ерекшелік дағдарысы деңгейінде, нақты диагностикалық мазмұн және психологиялық көмек көрсету ұсыныстары қарастырылған. Отбасымен жұмыс жүргізуге «Отбасы татулығы» бағдарламасы құрастырылып, нақты әдістері мен тәсілдері берілген. Арнайы диагностикалық жұмыс құралдары жинастырылып көрсетілген. Әдістемелік құрал отбасымен жұмыс жасайтын : мектеп және тәжірибелі маман психологтар, әлеуметтік педагогтар, отбасына қолдау- қызмет көрсету мамандары, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік ұйымдар мен ведомствалар, қамқорлық мекемелері, білім беру мен халықты әлеуметтік қорғау мамандарына арналады.
|