Мен Серікбай Смағұлұлы Қызылорда облыстық наркологиялық орталықта медициналық психолог болып жұмыс істеймін. "Интернеттен" қазақша психологиялық сайт іздеп таппағаннан соңғы бұл менің жеке талпынысым. Кемшілігі болса, түсіністікпен қарарсыздар деген үміттемін. Бұл сайтта тек қазақ тілінде жазылған психологиялық материалдар жарияланады және де сайт психолог мамандарға, психологияны игергісі келген барша сайт қолданушыларына арналған.
Сонымен қатар 2009 жылдың желтоқсанынан бастап "Интернет" ғаламторында жүйкелік-тілдік бағдарламалау туралы жаңа сайт пайда болды. Бұл қазақ топырағына келген жаңа ілім. Қазақстанда НЛП атауымен белгілі ЖТБ ілімі туралы қазақша көп мәліметтер жоқтың қасы. Сондықтан мұны игерген адам ықпалды іс-әрекет, мінез-құлық пен жаңа табысқа жете алады.
Мекен-жайы: http://zhtb.ucoz.kz/