ҚЫСҚАША ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
Абулия - ми патологиясында пайда
болатын iс-әрекетке итермелегiш
күштiң болмауы, шешiмдi
қабылдап әрекет ету немесе оны орындау керектiгiн
түсiнуiндегi қабiлетсiздiгi.
Агглютинация - алғашқы ойдың сақталуында,
әртүрлі сөздердің
мифологиялық құрылымдары мен
түрлі механизмдердің құрастырылуы.
Агрессия - адамның басқа адамдарға
қатынасындағы, оларға зиян немесе
нұсқан келтіруге бағытталған
мінез-құлық, әрекет.
Агрессивтік мінез-құлық - адам әрекетінің ерекше
формасы, мұндай
мінез-құлық субъектің нұқсан
келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе
адамдар тобына өз
артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға
тырысуымен сипатталады.
Аккомодация - көздің әр түрлі қашықтықтан
көруге бейімделуі, үйренуі.
Антропогенез - адамның (Ноmо sаріеns) шығу
процесі, оның физикалық
типінің қалыптасуындағы
тарихи-эволюциялық процесс.
Антропология - адамзатты зерттеу, адамның
шығу тегі және эволюциясы
туралы ғылым. Антропологияның
негізгі бөлімдері: адам морфологиясы,
антропогенез, нәсілтану
туралы ілім.
Апатия - сылбырлық, көңілдің еш
нәрсеге соқпауы, ұнжырғаның түсуі.
Өмірге немқұрайлы қараудан,
көңіл-күйдің басылып, көмескіленуінен болады.
Апатияға салынған адам туған-туысқандарына,
жақын дос-жаранына селқос
қарайды, идеялық мүдделерден,
мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық
сергектігі бәсеңдеп, сөне
бастайды.
|