«Сенім – менің серігім» атты психологиялық тренинг
Мақсаты :11 – сынып оқушыларын ҰБТ – ға байланысты сенімділікке
үйрету , стресстік қалыптан арылу , бір – біріне деген қарым – қатынасын
нығайту .
Қажетті құрал – жабдықтар : ақ
парақ , қаламсап интерактивті тақта , «Тілек ағашы» тақырыбындағы үлкен ағаш
суреті салынған плакат , жапсырма қағаздар , үнтаспа .
1. «Досым,
қалың қалай?» жаттығуы .
Жаттығудың мақсаты . оқушылардың көңіл – күйін көтеру , бір –
бірімен қарым – қатынасын нығайту .
Шарты : балалар
дөңгелене тұрып , жұп – жұп болып , бір – біріне қарап жазылған сөйлемді
аяқтайды . Яғни , сұрақты өз ойларымен толықтырады және екіншісі жауап береді .
2. «Сенімділік» жаттығуы .
Мақсаты : оқушыны
стресстік жағдайдан арылтып , сенімділікке үйрету .
Шарты :оқушыларға бос парақ таратылады .
Сол парақты қаламсаппен теңдей екіге бөлу ұсынылады . Ол бөліктерді 1 , 2 деп
белгілеп , бірінші бөлікке жағымды қасиеттерді , ал екінші бөлікке жағымсыз
қасиеттерді жазу керек те , ортасы қырқылып алынады . Жағымды қасиеттерін өзіне
қалдырып , жағымсыздарын қатты мыжып , қоқыс жәшәгәне салады .
3. «Биіктік» жаттығуы .
Мақсаты : оқушының
өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру , сенімділігін нығайту .
Жаттығу барысы : қатысушылардың біреуі шығады . Оған мынадай
нұсқау беріледі : «Қабырғаға жақын тұр , сосын секір . Қай жерге дейін
секіргенін бергілеу» .
Талдау . бірінші және екінші белгі салыстырылады . Қатысушылар
мынадай сұрақтарға жауап беру керек .:
- Белгі қойылған биіктердің
айырмашылығы болды ма ?
- Бұл айырмашылыққа не әсер
етеді ?
- Қойылған талап пен мақсат
нәтижесі жақсарады ма , әлде нашарладыма ?
- Қалай ойлайсыңдар , өмірде
де осындай жағдайлар кездесе ме ?
Қорытынды : Оқушылар
өтілген жаттығулардан , түсіндірме жұмыстардан алған әсерін және достарына
арнаған тілектерін жазып , «Тілек ағашына» апарып жапсырады .
Құдайбергенова М.Қ.
Оқушыны психологикалық – педагогикалық зерттеудің ұстанымдары мен әдістері
Эксперимент кезінде оқушы
жан – жақты тексеру жүргізіледі . Ондағы мақсат – оқу – тәрбие процесінде
оқушымен жеке қатынас жасау жолдарын анықтау .
Оқушының жеке ерешеліктері жөнінде мәліметтер
жинау оның өсу жолында өзін – өзі тәрбиелеуіне игі ықпал етеді . Оқушының жаңа
материалды қабылдау мен игеру ерекшелігі мұғалім қолданған әдіс – тәсілдердің
нәтижесін көрсетеді . Ол оқытудың сапасын арттыруға , тәжірбиесін сараптауға
игі ықпал етеді .
Сондықтан оқушының іс – әрекетіне белгілі бір уақыт көлемінде
үздіксіз бақылау жасау ең алдымен , ғылыми ұстанымдарға сүйенуді қажет етеді .
Олардың ішінде маңызды – іс әрекеттегі психиканы ұстанымы . Өйткені жеке тұлға
өз өміріндегі негізгі іс – әрекеттер түрімен қалыптасады . Мектеп оқушысы үшін
бұл іс – әрекеттер : ойын , оқу , еңбек және т.б. болып саналады .
Ұстанымдар нақты әдістер мен тәсілдер арқылы орындалады . Оларзерттеу және анықтау әдістері болып бөлінеді .
Зерттеу әдістері ғылыми мәселелерді шешуге арналған , ал анықтау
– жеке тұлғаны , ұжымды , белгілі бір топты практикалық мақсатта тексеретін
диагностикалық әдіс . Мұндай жағдайда ғылымда белгілі теориялар мен түсініктер
қолданылады .
Әдістер бақылау мен эксперименттен тұрады және олар табиғи және
зертханалық болып бөлінед . Мектеп жағдайына ыңғайлы эксперимент – бақылау , әңгімелесу
, оқушының іс – әрекет өнімдері , сауалнама жүргізу . Бұл әдістер тәжірбиеде
кеңінен қолданылып , нақты нәтижесін көрсетіп жүр
Құдайбергенова М.Қ.
http://sc0021.kokshetau.akmoedu.kz/
|