| Меню сайта |
|
|
 |
|
Главная » 2012 » Наурыз » 01
Дәл қарсы алдында жалт-жұлт етіп тұрған аппараттың түймесін басып қалған қысық көз жігіт «туһ!» деп шарасыздықтан санын бір соқты. Содан соң, кімге екені белгісіз «осыбіреу де «жеуін» қоймайды екен!» деп күбірледі. Бетжүзінен әлденеге бола алаңдап тұрғанын аңғаруға болар еді. Тіптен түтігіп кеткен. Бар өшін аппараттан алардай, түймелерін дүрс-дүрс соғады. Содан соң, ерніне темекі талын қыстырып, сыртқа шығып кетеді.
Аз-маз уақыт өткен соң, адамға лық толған жерге қайта кіріп, әлгі аппаратқа қайта шүйлігеді… …Қысық көз бұл жігітті бұрыннан білемін. Мінезі ашық-жарқын, көрген беттен құшақ жая қарсы алатын оның соңғы кездері мінезі күрт өзгеріп кеткенге ұқсайды. Бүгін оны тіптен танымай қалдым. Теміржол вокзалы, дұрысы «Дәулет» сауда үйінің маңынан жолықтырғанымда, осынд
...
Одан әрі оқы
Қаралғаны: 1853 |
Мерзімі: 01.03.2012
| Дәрежесі: 0.0/0
| Пікірлер (0)
|
Ерке сылқым Алатаудың қойнауына тығылған Алматыға барар сапарда жол бойы ұйықтап алармын деген ойым әлдеқашан адыра қалды. Екі адамдық купедегі серігімнің жүдеу жүзінен аңғарылып тұрған әлдебір мазасыздық бейне бір менің де кеудеме қоныс аударғандай. Бойы ортадан аласа болғанымен ұзын мойыны оның арықтығын аңғартып, өзі жүдеу жүзіне одан әрі абыржушылық шақырып тұр. Жас болса да үстіне киген қоңыр түсті көйлегі оның түсін одан әрі қуаңқы көрсетеді... Құдай-ау, жап-жас басымен бұл бала не қайғы арқалады екен?! Кеудесін қарс жара «Аһ» ұрғанда менің өне бойым сақырлаған сары аяздан келгендей қалшылдап кетеді. – Не болды сіңлім, өңің қуарып тұрғаны... Су әкеп берейін бе? – дедім көмектеспек ниетпен. – Жоға, тәте, бәрі қалыпша... Тек өкініштен өз жанымды қоярға жер таппай отырғаным... – Жол қысқарсын,
...
Одан әрі оқы
Қаралғаны: 1891 |
Мерзімі: 01.03.2012
| Дәрежесі: 5.0/3
| Пікірлер (1)
|
Шындығында да, ұйқы адам өмірінде үлкен маңызға ие. «Ұйқыңыз тыныш болсын» деп тілек айтуымыздың өзі бекер емес. Біле білсек, күні бойы сергек жүруіңіздің өзі тірлігіңіздің тындырымды болуына септігін тигізеді. Алайда түнде «түлен түртіп» жүретіндер де баршылық. Ол туралы кейінірек... Қалай айтқанда да мидың тыныштығы - ағзаның бірқалыпты дамуы деп тұжырым жасауға болады. Ал бірақ күнделікті арпалыс тіршілік ойдың да, бойдың да бірқалыпты демалуына мүмкіндік бере бермейді ғой. Алдымен осыны ескерген жөн.
Ағылшын сарапшысы, доктор Рамлакханның пікірінше, ұйқысыздық оқушылар мен мұғалімдердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі шенеуніктердің бойында жиі орын алады екен. Мұның себебі де түсінікті. Мидың демалмай
...
Одан әрі оқы
Қаралғаны: 3650 |
Мерзімі: 01.03.2012
| Дәрежесі: 5.0/1
| Пікірлер (0)
|
Біз барлығымыз шаршаймыз. Біреулері жиірек, екіншілері сирек, бірақ та жұма аяғында біз өзімізді сығылған лимон тәрізді сезінеміз. Демалыста күштерін қайтарып, алдағы жаңа жұманы құнақы, демалған түрінде бастай алатын адамдар бақытты болып табылады. Төсекте демалып жату немесе саябақта күндіз серуендеуге мүмкіндіктері жоқ, демалыссыз жұмыс істеуді қажет ететін адамдарға не істеу қажет? Стресс, қобалжу, күйзеліс және жұмысты – біздің дене мен миымыз губка тәрізді басымыздан өткен барлық негативті заттарды сіңіріп алады. Сөйтіп келе, шаршағыштық көбейе береді де, бір күні біз күш жоғалғанын, басты көтере алмайтындығын, жүрегіміз айнып, басымыз айналып, ешбір жұмыс жайлы ойлауға мүмкіндіктің болмайтындығын түсінеміз. Бұл - қажығыштық болып табылады. Бұл
...
Одан әрі оқы
Қаралғаны: 1841 |
Мерзімі: 01.03.2012
| Дәрежесі: 0.0/0
| Пікірлер (0)
|

Әдетте адамдар алдынан ит жүгіріп өтсе, оны жақсылыққа, ал қара мысық жүгіріп өтсе немесе ит ұлыса, оны жамандыққа жориды. Үйдің шатырына байғыз қонып, сұңқылдаса, оны кісінің ажалына көрінді деп, қатты үрейге беріледі. Осылайша өз-өзінен қорқып, шарасыздыққа салынып, психологиялық күйзелістің әсерінен паронойя дертіне шалдығатындар аз емес. Осындай ырым-нанымдарға асыл дініміз - ислам діні қалай қарайды? Жоғарыдағыдай түрлі ырым-жырымдар исламнан бұрынғы қараңғылық дәуірінде өте қатты дамыған. Исламның келуімен ғана бұған тыйым салына бастады. Жалпы, исламда не нәрсені болсын жамандыққа жоруға қатаң тыйым салынған. Яғни дінімізде жамандыққа жору деген атымен жоқ. Пайғамбарымыз жоғарыдағыдай көріністерден үрейленуді имансыздықтың бір белгісі ретінде атап көрсеткен. Сахабалар бұлайша қорқуды Аллаға серік қосу, ширк,
...
Одан әрі оқы
Қаралғаны: 2184 |
Мерзімі: 01.03.2012
| Дәрежесі: 5.0/1
| Пікірлер (1)
|
 ...Жо-жо-жоқ, оның құпиясын білмейміз. Білсек, ақылды болып алар едік қой. Біз мұнда тек әлемдегі ең ақылды адам деген атты қалай алуға болатыны туралы айтпақпыз. Нақтырақ айтқанда, әлем «Ең ақылды» деп кімдерді және қандай себептермен атайтындығына тоқталмақпыз. Өзі ақылдылық және сауаттылық дегеннің екі бөлек нәрсе екені байқалады. Бүкіл әлемнің ғылымын тауысқан, білімін меңгерген, былайша айтқанда, оқымаған кітабы қалмаған адамның ақылды болмауы мүмкін. Ал әрі-беріден соң әліпті таяқ деп білмейтін кісінің ақылды болып шығуы ғажап емес. Сол тұрғыдан келгенде, сауат - ақпараттар (теориялық) жиынтығы, ақыл - тәжірибелер жиынтығы. Тіпті сауат жүре бітетін, ал ақыл туа бітетін қасиет секілді.
Халқымыздың танымындағы «көпті көрген» мен «көпті білгеннің» айырмашылығы да
...
Одан әрі оқы
Қаралғаны: 6438 |
Мерзімі: 01.03.2012
| Дәрежесі: 0.0/0
| Пікірлер (2)
|
Адамның табиғаты жаратылысынан мәңгілікке құштар. Әу бастан пенде солай жаратылған. Ішкі дауысы ылғи да Мәңгілікті күбірлеп тұрады. Өзін өмір бақи өлмейтіндей көреді. Осыдан-ақ мәңгілік өмірдің бар екендігінің ақиқаттығы айқындала түседі.
Ғылым не дейді?
Адам өлген соң оның жаны жаңа туған сәбиге қона ма, немесе басқа
планетаға кете ме? Адамзат туғалы бері осы сұраққа жауап іздеп келе жатыр. Бірақ жауабы әлі табылған жоқ. Адам бәрібір мәңгілік өмірден үміт үзбейді. Мәңгілік өмірге сенбесе, «менен кейін дүниені топа
...
Одан әрі оқы
Қаралғаны: 7764 |
Мерзімі: 01.03.2012
| Дәрежесі: 4.5/8
| Пікірлер (0)
|
... Кеше ғана жарқын күн күлімдеп, бау-бақшада құстар сайрап, өмір маған қызықты да әсем ертегідей еді... Кенеттен көңіліме бұлт торлап, қандайда бір көңіл толмаушылық, реніш, себепсіз ашу кернеп, көңіл-күйім түсіңкі, өзімнің ешкімге керек еместігімді сезіндім... Міне осылай адам бойындағы депрессия кенеттен пайда болып, кейде өте ұзақ жалғасуы мүмкін. Ол бірден тез өтіп кетеді, не болмаса терең де созылмалы түрде болады.
Қандай жағдайда да депрессия - түрлі эмоциялар, елестетулер, еске алулар мен ойлардың жиынтығы. Әдетте, депрессияны бойынан кешіретін адам оның не себептен екендігін анықтай алмай әлек болады. Депрессиялық жағдайға түскен адам жиі агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа бейім) болады. Сонымен бірге, оның агрессиясы бірінші кезекте өзі
...
Одан әрі оқы
Қаралғаны: 2490 |
Мерзімі: 01.03.2012
| Дәрежесі: 0.0/0
| Пікірлер (0)
|
Күні бүгінге дейін әлемдік миграцияның саяси реңкі басым болып келді. Миграцияның алғашқы толқынына КСРО тәрізді алып империяның күйреуі себеп болды. Ал қазір ол әлеуметтік сипатынан арылып, интеллектуалды рең ала бастады. Сарапшылар көші-қон ендігі беталысын интеллектуалды әлеует - интеллектуалды ұлт қалыптастыруға бағытталған саясаты айқындайды деген батыл болжам жасай бастады.
Интеллектуалды көшбасшылық - адам капиталының сапасына байланысты. Халықтың интеллектуалдық деңгейі - оның білім сапасы, инновациялық үлгі, бәсекеге қабілеттілік, озық технологиялар, интеллек&s
...
Одан әрі оқы
Қаралғаны: 2002 |
Мерзімі: 01.03.2012
| Дәрежесі: 0.0/0
| Пікірлер (1)
|
Табиғаттың бір бөлшегі саналатын ағаштардың адамға өмірлік жағымды энергия сыйлайтынын және адам бойындағы жағымсыз энергияны өзіне сіңіріп алатынын көпшілігіміз ескере бермейміз.
«Жапырақ - жүрек жас қайың! Жанымды айырбастайын» деп Мұқағали марқұм жырлап кеткендей, ағаштар да жаны бар «тіршілік иесі». Ежелгі жазбалардың бірінде: «Адамдар мен ағаштарды ежелден достық пен туысқандық сезім байланыстырған. Майдан даласында қансырап жатқан солдат, күш-қайратына қайта міну үшін еменге жүгінген. Әйел, отбасы-ошақ қасында бақытты болуы және дүниеге сау ұрпақ әкелуі үшін жөке ағашына қарай жүрген. Бойжеткен, болашақ өмірі бақытты болуы үшін қайыңға қол созған» деп жазы
...
Одан әрі оқы
Қаралғаны: 8645 |
Мерзімі: 01.03.2012
| Дәрежесі: 5.0/1
| Пікірлер (0)
|
|
|
| Форма входа |
|
 |
| Календарь новостей |
| « Наурыз 2012 » |
| Дс |
Сс |
Ср |
Бс |
Жм |
Сб |
Жс |
| | | | 1 | 2 | 3 | 4 | | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | |
 |
| Поиск |
|
|
 |
| Друзья сайта |
|
 |
| Статистика |
Барлығы онлайн: 1 Қонақтар: 1 Қолданушылар: 0 |
 |
|