Мой сайт
Сейсенбі, 03.11.2026, 15:37
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2011 » Қаңтар » 29

Жанна Ирнат, info-health.kz тілшісі 
 Әрбір адам стресстік күймен таныс, өйткені уақыт сайын біз оны басымыздан өткіземіз. Жұмыстағы проблемалар, қызметтік міндеттермен шамадан тыс жүктілік, жақын адамның сырқаттануы, күрделі келіссөздер және басқа да өмірдегі оқиғалар оның себебі бола алады. Стрессті бастан өткізуші адам сырттай ашушаң және кернеулі, ол нашар күйде болады және жиі ауырады. Бұл жайлы «барлық аурулар стресстен» деген мәтел бар. Бұл шынында да солай ма және келеңсіз жағдаймен қалай күресу керек?
Біріншіден, «стресс» деген не екенін талқылайық. Канадалық физиолог Ганс Сельенің анықтауына сәйкес стресс – бұл организмнің тез ... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 10431 | Мерзімі: 29.01.2011 | Дәрежесі: 4.3/6 | Пікірлер (0)


Балаларды өзіне қол салуға кім мәжбүрледі? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін өз-өзіне қол салудың алдын-алу бағдарлама­сын жасауға шақырып отыр. Бұл - мәжбүрлі шара. Дүниежүзі бойын­ша жыл сайын тоғыз жүз мыңға жуық адам өз еркімен өмірден қош айтысады екен. Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, соңғы елу жылда әлем бойынша өз-өзіне қол салғандар саны бір жарым есе артыпты.
ДСҰ сарапшылары­ның пікірінше, бүгінгі таңда бұл жекелеген адамның немесе отба­сының ғана емес, қоғамдық денсаулық сақтау саласының ортақ проблемасына айналған. Бұл халқы тығыз орналасқан Азияда ғана емес, әлеуметтік жағдайлары жақсы Еуропа елдерінде де күрделі сипат алған. Еуропада ... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 2721 | Мерзімі: 29.01.2011 | Дәрежесі: 0.0/0 | Пікірлер (0)



Автор: Әзиза Жұманазарова

Бүгінде дінді ұстану қолға шоқ ұстағанмен бірдей болды. «Ойбай, анау анандай сектаға кіріп кетіпті, мынау «әруақшыл» болып кетіпті», – деген сөздерді жиі естиміз. Сенімге селкеу түсірер осындай оқиғадан кейін халық дін десе қайтіп үрейленбесін?
Әйтпесе, қазақ бір Құдайға сыйынған, әруағын сыйлаған әлімсақтан мұсылман халық емес пе еді?! Әйтсе де, діни сауаттың төмендігінен болар, әруақты сыйлау мен оған сыйынудың ара-жігін ажырата алмай, адамдарды адастырып жүрген діни ағымдар да жоқ емес.
Сенім мен «ставка»
Әр халықтың Құдайға деген сенімі әртүрлі. Мәселен, үнді халқы өмірден озған адамның сүйегін үйінің шатырына дестелеп, жинап қояды екен. Жанымызға медет болсын, жарылқап, жебесін деген сенімнен шыққан әрекет қой бұл. Ал ке ... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 3945 | Мерзімі: 29.01.2011 | Дәрежесі: 4.0/2 | Пікірлер (0)


Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН
Өмірде көріп жүрміз, кейбір кісілердің өз бойындағы барлық кемшіліктеріне ата-анасы мен ұстаздарының дұрыс тәрбие бермеуі кінәлі деп санайтынын. Тіпті, олар оқуға түсе алмауын да, жақсы жарға кездеспеуін де, еңбек пен қызметте жолының болмауын да өзгелерден көреді. Арақ ішіп, айқай-шу шығарып жүргеніне, ағайын, туған-туыс арасында беделінің жоқтығына, мінезіндегі мылжыңдық, өтірік -өсек айту, өмір салтындағы жалқаулық, жауапсыздық тәрізді жат қылықтарының бәріне де сылтау тауып, өзін сүттен ақ, судан таза етіп мізбақпайды. Бұл өзі дұрыс па? інің жеке басы мәдениеті-нің төмендігіне, тәрбиесінің нәшарлығына ешкімді жаз-ғыруға қақысы жоқ. Мұның бәріне өзі де кінәлі. Өйткені адам жас кезінен-ақ өзін-өзі бағалай білуге, қатарынан қалып қоюға намыстанып, жақ-сылыққа қарай талпынуға, оңды мінез, і ... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 8260 | Мерзімі: 29.01.2011 | Дәрежесі: 4.3/7 | Пікірлер (0)


Шығыс медицинасы бойынша адамның құлағының формасына, көлеміне және қалай орналасқанына қарап оның мінезінің ерекшелігін, ерік күшін, белсенділігін, сондай-ақ денсаулығын да білуге болады. Сондықтан психолог, психиатр мен криминалист болмасаңыз да, мұны біле жүргеннің зияны жоқ. Егер құлақтың үсті қастан жоғары орналасса, онда ол өте жо­ғары интеллект иесі бол­ғаны, ал құлағы қасымен бір деңгейде орналасса - ол адам лидер болуға ұмтылады және өз бетінше кесіп-піше алады деген сөз. Мұндай адамдар оп­тимист болып келеді және көз­деген мақсатына күш салуымен ерек­шеленеді.
Ал енді құлағы көзімен бір деңгейде орналасса, онда ол - орташа интеллектінің адамы. Құлағы көзінен төмен орна­лас­с­а, онда ол - дарынсыз­дық­­тың белгісі.
Бір құлағы екіншісінен биік орналасса, ондай адам­мен бәстесу өте қиын. ... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 8590 | Мерзімі: 29.01.2011 | Дәрежесі: 4.8/4 | Пікірлер (0)


Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН
Ол үшін ісіне, жүзіне қарасаң жеткілікті
Бұл өмірде адамдардың жан-дүниесін танып-білудің, әрқайсының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адамның сыртқы ке ... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 5545 | Мерзімі: 29.01.2011 | Дәрежесі: 4.7/3 | Пікірлер (0)

Ақ көйлек киіп, армандап, сүйіп, «бізді тек өлім ғана ажыратады» деп некелерін қиғызған отбасылардың арасында ажырасу жиілеп барады. Қазақ қоғамы үшін кезінде сүйекке таңба саналатын осы келеңсіздік қазір қалыпты жайға айналған. Кеңестік дәуірде «кемелденіп», жаһандану «жандандыра» түскен бұл кесел – қоғамның өзек құрты секілді. Әдеп, иба, тыйым деген ұлттық тәрбиеге тән ұғымдарды алыс-жақын шетелдің азғындатқыш фильмдерінің арсыз тәрбиесі алмастырып, отбасылық жауапкершілік деген қасиетті ұғым ойыншыққа айналды.
 
Отау құрғандардың АҚШ-та – 43, Англияда – 42, Ресейде – 41 пайызы ажырасып кететінін, ал ең «ажырасқыш» қалалар қатарына Нью-Йорк (51%) пен Мәскеу (49%) жататынын ескерсек, біздің кімдерге қарап көш түзеп отырғанымызды бірден ұғасыз.
Әрине, сіз көптеген замандастарыңыз тәрізді «бір-бірін ... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 4047 | Мерзімі: 29.01.2011 | Дәрежесі: 4.0/2 | Пікірлер (0)


Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН
Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы
басым түссе, адам соған қарай бетбұрыс жасап,
өз тұлғасын қалыптастырады. Алайда, өмір
қарама-қайшылықтарға, қиындық, қайғы-мұңға
да толы болғандықтан, ол жақсы да, жаман да адамның мінез-құлқына әсер етіп, адамда қандай мінез басым болса, сол мінез иесін басқарып, өктемдік жүргізеді.
Осы мінездің, көңіл-күйдің жағдайы ашу-ыза, реніш,
қуаныш, жайдарылық түрінде көрініс береді. Ашудың зардаптары Бойын ашу кернегенде, мейірімсіздік пен қаталдық билегенде көп адам ызалы күй кешеді, әрқилы жаман істерге барады, тіпті олардың қатігездік, қылмыстық істерді де жасап қоюы мүмкін. Өйткені, ашу-ыза ерік күші әлсіз адамдардың ақыл-ойын билеп-төстеп, ... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 7431 | Мерзімі: 29.01.2011 | Дәрежесі: 4.1/8 | Пікірлер (0)

Экономикалық дағдарыс басталғалы қоғамда психологиялық көмекке зәру пенделердің қатары көбейе түскен. Ол заңды да. Пенде баласының көбінесе басына қиындық түскенде, не ауырып-сырқағанда барып Алланы еске алатынын, тәубесіне келіп, мешітке баратынын, намазға жығылатынын жоққа шығара алмайсыз. Бірақ олар өмірінің қиын кезеңінде тура жолға түсіп, ізгі амал етіп жатса жақсы ғой. Есесіне қасіретке душар болған, басына қиын іс түскен адамдар тәуіп, бақсы, балгер жағалағыш. Солардан көмек, дәрмен іздейді. Осылайша адасушылыққа бой алдырады.
 
Батыстағыдай психологтардың қызметі бізде жолға қойылмаған. Оның орнына топырлаған БАҚ беттері (газеттер, журналдар, сайттар) шулы жарнамадан көрінбейді. Жүз пайыз кепілдік бергіш магиялық қызметтер (ақ магия, қара магия, өмірді жа ... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 16667 | Мерзімі: 29.01.2011 | Дәрежесі: 3.7/6 | Пікірлер (2)


Абай ОМАРОВ (коллаж)
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының «суицид жаһанды жайлап барады» деген сөзі бекер емес екен. Әлемде жыл сайын жиырма миллионға жуық адам өз өмірлерін қиюға бел буатын болса, олардың бір миллионы жарық дүниемен қош айтысады екен. Өкініштісі, әлгі бір миллионның сегіз мыңы – қазақстандықтар. Бұл дегеніңіз біздің елде сағат сайын бір кісі суицидтен бақилыққа аттанып жатқандығын көрсетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сенсек, Қазақстан бүгінде әлемдегі ең көп суицидтік жағдайлар тіркелген ел ретінде үшінші орынға шығып отыр. Осыдан үш жыл бұрын бесінші сатыда тұрғанбыз. Яғни республикада жыл сайын өз еркімен өлімге бас тігушілер қатары арта түсуде. Әсіресе «қолдан жасалған ... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 2472 | Мерзімі: 29.01.2011 | Дәрежесі: 3.0/1 | Пікірлер (0)

Форма входа

Календарь новостей
«  Қаңтар 2011  »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2026 Конструктор сайтов — uCoz